Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Францияның Палезо қаласында өткен физика пәнінен халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы саны бес медаль иеленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам талантты оқушы қатысқан. Қазақстандық команда бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль еншіледі.
Күміс медаль иегерлері:
Қола медаль иегерлері:
Команданың ғылыми жетекшілері – PhD докторы, Сүлеймен Демирел университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.
Оқу-ағарту министрлігі оқушыларды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа табыстар мен биік ғылыми жетістіктер тіледі.
Айта кетейік, физика пәнінен халықаралық олимпиада (IPhO) 1967 жылдан бері өткізіліп келеді және ол әлемдегі ең беделді пәндік білім додаларының бірі саналады. Қазақстан бұл олимпиадаға 1997 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде отандық оқушылар ондаған медаль жеңіп алып, еліміздің ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде дәлелдеп жүр.