Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар Neo Science халықаралық олимпиадасында жүлдегер атанды
Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Neo Science халықаралық олимпиадасында жүлдегер атанды

20.01.2026
мин
0
113

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары Халықаралық Neo Science олимпиадасында топ жарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Америка Құрама Штаттарының Орландо қаласында өткен Халықаралық Neo Science олимпиадасында «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Neo Science олимпиадасына әлемнің 22 елінен 400-ден астам оқушы қатысып, ғылым мен инновация бағытындағы білімдерін сарапқа салды.

DIY (Do It Yourself) категориясы бойынша 7-сынып оқушылары Жандәулет Амангелді, Али Ертай мен Сүлеймен Мергенбаев алтын медальға ие болды.

Ал жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша 6-сынып оқушысы Айсана Саду, 8-сынып оқушысы Зере Саду, 7-сынып оқушылары Али Ертай және Адель Рахметова қола медальді қанжығалады.

Математика категориясында 8-сынып оқушысы Дәмелі Қазыбекқызы, 7-сынып оқушылары Жандәулет Амангелді және Сүлеймен Мергенбаев жүлделі қола медальға қол жеткізді.

Аталған нәтижелер «NURORDA» мектеп-лицейі оқушыларының ғылыми дайындық деңгейінің жоғары екенін және халықаралық білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл