Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өкілі Бейбарыс Ерсейіт чемпион атанды, - деп хабарлайды Dahletten.kz.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).
Айта кетейік, Ерсейіт өз санатында алғашқы бестікке енген ең жас қатысушы болды. Түркиялық және ресейлік спортшылар 2008 жылы туған болса, қазақстандық Ерсейіт 2009 жылдың 26 ақпанында дүниеге келген.