Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың орташа табысы айтылды
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың орташа табысы айтылды

22.06.2021
1 мин
3
1970

2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың ақшалай табысы орта есеппен жан басына шаққанда 196,5 мың теңгені құрады,  деп хабарлайды Dauletten.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық.

Қазақстан өңірлерінің арасында ең көп ақшалай кірістер дәстүрлі түрде Нұр-Сұлтанда (275,9 мың теңге) және Алматыда (246,8 мың теңге) тіркелген. 2021 жылдың бірінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққанда 246 мың теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы үздік үштік қатарына енді.

Ең төменгі табыс Түркістан облысында тіркелді – 121,8 мың теңге, бұл Қазақстан өңірлері арасындағы кірістер деңгейі бойынша көрсеткішке қарағанда 20 пайызға аз (151,8 мың теңге).

2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың ақшалай табыстарының үштен екісінен астамы еңбек қызметінен түскен табыстарға тиесілі болды: 136,5 мың теңге, оның 119,1 мың теңгесі - жалдамалы жұмыстан, 17,4 мың теңгесі – өзін-өзі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен.

Әлеуметтік трансферттер кірістің 30 пайызынан азын құрады, оның ішінде 43,7 мың теңге – зейнетақы, ал жәрдемақылар, шәкіртақылар, АӘК және тұрғын үй көмегі 9,1 мың теңге болды.

Кірістің қалған бөлігі 7,2 мың теңгені құрады.

Бірінші тоқсанда ауылдық және қалалық тұрғындардың ақшалай кірістерінің арасындағы айырмашылық қала тұрғындарының пайдасына 2020 жылғы 40,4 пайыздан 2021 жылы 37,7 пайызға дейін төмендеді.

Қалалық жерлерде халықтың табысы 9,9 пайызға, орта есеппен жан басына шаққанда 221,3 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде 12,1 пайызға, 160,6 мың теңгеге дейін өсті.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Г
Гульмира 22.06.2021
айлық 60 мын 30 мын кредит төлейміз
Жауап беру
А
Айжан 22.06.2021
80мың жақсы екен мен 50мың алам
Жауап беру
А
Алма 22.06.2021
Өтірік айлық табысымыз 80 мың оданда аз кнйде соқпасын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл