Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мерекесі кезінде шектеу шараларын сақтап, жасы үлкен адамдарға абай болуды ескертті.
Бас санитар дәрігер барлығы халықтың жауапкершілігіне байланысты екенін айтты. Сондықтан маска киіп, арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жерлерге бармай, әр адамды өзінің және жақындарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне мән беруге шақырды.
«Жасы үлкен қариялар бар екенін де ұмытпайық. Олардың денсаулығына алаңдауымыз керек», – деді Қиясов.
Сондай-ақ бас санитар дәрігер әсіресе «қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңірлерде бұқаралық шараларды барынша азайтуға, онлайн өткізуге кеңес берді.