Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қос азаматтығы бар 79 ресейлік айыппұлға ілікті
Жаңалықтар

Қос азаматтығы бар 79 ресейлік айыппұлға ілікті

17.10.2023
1 мин
0
536

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 307 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде сот шешімі бойынша 275 шетелдік елден тысқары шығарылды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге 79 Ресей азаматына қос үшін 200 АЕК айыппұл салынды. Қос азаматтығы бар 159 адам анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Кисловодск – Тында бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде құқық бұзушыны анықтады.

«Ресей Федерациясының 72 жастағы азаматы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған. Көлік полицейлері оған қатысты ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі («Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу»), яғни ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Петропавл қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Сот шешімімен ер адам 200 АЕК (690 мың тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл арқалады»,- делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл