Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанайда әйелін өлтіріп, қылмысын жасырмақ болған экс-полицей 9 жылға сотталды
Жаңалықтар

Қостанайда әйелін өлтіріп, қылмысын жасырмақ болған экс-полицей 9 жылға сотталды

06.06.2024
1 мин
0
657
Фото: pixabay.com

Қостанай полиция басқармасының аға лейтенанты Жасұлан Төлегенов әйелін өлтіргені үшін 9 жылға сотталды, деп хабарлайды dauletten.kz.

Бұрынғы полиция қызметкері әйелімен жанжалдасып, оны электр тоғымен қылқындырып өлтірген. Одан кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті гаражға апарып, әйелді асылып өлген етіп көрсетпек болған.

Ер адамның қылмысы аса ауыр қылмыс санатына жатады. Оған ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырылған. Жәбірленуші тарап сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұраған. Бірақ сот ер адамның қылмысы үшін өкінгенін және өлген әйелдің «мінез-құлығының азғындығын» есепке алып, айыпталушыны 9 жылға ғана соттады.

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің айтуынша, Қылмыстық кодекстегі «азғындық» деген тұжырымдаманың нені меңзейтіні өте түсініксіз әрі анық емес.

«Бұны қолданудың керегі жоқ еді, әсіресе марқұмға қатысты. Көз жұмған әйел де полиция қызметкері болған, ол заңға қайшы азғындық жасайтындай не істеп қойды? Көзіне шөп салды ма? Арақ ішті ме? Адам өлтірушіге мақтадай жұмсақ үкім шығаратындай, Қостанай соты соншама қандай азғындықты есепке алды?», - деп жазды ол.

Сотталған бұрынғы полиция қызметкері «аға лейтенант» деген шенінен айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл