Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресейде құс тұмауы өршіді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикалары карантинге жабылды. Фабрикаларға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынып, күн сайын зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Омбыдан құс өнімдерін тасымалдауға шектеу қойылды. Еліміздегі құстарға індет таралмау мақсатында екпе салынуда.
«Қазіргі таңда барлық талаптар сақталып отыр. Құстарға арнайы вакцина салынады. Ғимарат күн сайын зарарсыздандырылады. Бұрын аталған шаруаларға бір жылға 5 миллион теңгедей қаржы жұмсасақ, қазір бұл сома шамамен үш есеге дейін өсті», - дейді құс фабрикасының технологы Александр Чесноков.
Дереккөз: 24.kz