Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде құс тұмауы салдарынан шығынға батқан төрт фабриканың жұмысын қайта жандандыру үшін 2 млрд теңге керек. Мамандардың айтуы бойынша, бұл мекемелер жұмысын нөлден бастауға тура келеді.
Оларға берілетін өтемақыны тауықтың өңірдегі бағасын анықтап, арнайы комиссия бөледі. Жалпы тұмаудан қырылған құстардың санына қатысты түсінбеушілік бар. Құс өсіру саласындағы екі қауымдастық төрт фабрикадан жиыны 1,5 млн құс қырылды десе, бірнеше күн бұрын ауылшаруашылық министрі үш фабрикада 800 мың құстың жойылғанын хабарлады. Ал Максим Божконың айтуы бойынша, СҚО-да бір фабрикада ғана 500 мың құс тұмаудан қырылған. Кей фабрика қызметкерлері өлген құсты министрлік мамандары келгенше жойып жіберген. Сондықтан олар санаққа енгізілмеген. Қалай болғанда да фабрикалар мемлекет тарапынан қаржылай көмекке зәру.