Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
31 мамырда Қырғызстанның Баткен облысының Өзбекстанмен шекаралас аумағында қақтығыс болды. Қырғызстанның Чечме ауылы мен Өзбекстанның Чашма ауылы тұрғындарының арасында дау шықты, деп жазады АКИpress.
Аталмыш қақтығысқа Чечме ауылындағы су көзі себеп болған. Тараптардың бірі су көзі өздеріне тиесілі екенін айтып, нәтижесінде дау шығып, қақтығысқа ұласқан.
Ауыл тұрғындары бір-біріне тас лақтырған. Жарақат алғандар бар.
Қырғызстанның вице-премьері Акрам Мадумаров қырғызстандықтар мен өзбекстандықтар арасында қақтығыс болғанын растады.
"Жыл сайын екі ауылдың тұрғындары су көзін тазарту жұмыстарын жүргізеді. Бұл жолы белгісіз себептермен олардың арасында дау шығып, бір-біріне тас лақтырған. Жергілікті биліктегілер олармен сөйлесіп жатыр. Бұл су көзін екі ауыл қолданғандықтан мұндай дау жиі болып тұрады. Жағдайдың ушығуына жол бермейміз", - деді Мадумаров.
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болған қақтығыстан 15 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Өзбекстанда тұратын тәжік журналисі Мирасрор Фаргони "Ахбор" басылымына берген сұхбатында Сох ауданының орталық ауруханасына 146 адам жеткізілгенін айтқан.