Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қырғызстанда, Тәжікстанда және Қытайда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, Астана уақытымен 10:45-те Қытай мен Қырғызстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 4,8 баллды құрады.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) ақпараты бойынша, эпицентр Қытайдың Тумхук қаласынан солтүстік-батысқа қарай 169 шақырымда және Қырғызстанның Қызыл-Суу елді мекенінен оңтүстікке қарай 140 шақырымда орналасқан.
Келесі жер сілкінісі магнитудасы 6 балл Тәжікстанда Астана уақытымен 13:33-те тіркелді. EMSC деректеріне сәйкес, оның эпицентрі Каракенджиден солтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде болған.
Соңғы жер сілкінісінің магнитудасы 4,9 баллды құрады, ол Астана уақытымен 15:06-да Қытай аумағында тіркелді. EMSC мәліметінше, эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 368 шақырымда және Қытайдың Ақсу қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 90 шақырымда орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.