Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде қолданыстағы бағыттар бойынша рейстердің ұшу географиясын кеңейту және олардың санын көбейту бойынша жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды Dauketten.kz.
Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап "Эйр Астана" қазақстандық әуе компаниясы Қырғызстанға Алматы-Ош бағытымен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 4 рет орындалады (сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі).
Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 7-ден 11-ге дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастық дамуына ықпал етеді деп күтілуде.