Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалі өтіп жатыр
Жаңалықтар

«RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалі өтіп жатыр

13.05.2023
3 мин
0
559

Бүгін Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Фестивальдің мақсаты оқушылардың робототехника саласына қызығушылығын, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін арттыру, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту және кәсіптік бағдар беру. 
 

Фестивальге қатысушы мектеп оқушылары робототехниканың  «РобоСпорт» бағытының екі санаты бойынша (Биатлон: кіші санат (10-13 жас), Биатлон: үлкен санат (14-17 жас), Лабиринт (14-17 жас) және «Шығармашылық жоба» (12-18 жас) бағыты бойынша сайысқа түсті.   
 

Шара айтыскер ақын, ЕҰУ-нің ұстазы Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Мақсұттың ғылыми еңбектері, өмір жолы туралы белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген деректі фильммен басталды.

Шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары,  қоғам және өнер қайраткерлері қатысты. 

«Аманат партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында білім мен ғылымды дамытуды нақты бағыты етіп алған, сондықтан бұл салаға өзіміздің үлесімізді қосуға дайынбыз. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық мектептерінде 7000-ға жуық ғылыми кабинеттер ашу жоспарымызда бар», - деді депутат Елнұр Бейсенбаев.

Фестивальдің ұйымдастырылуына тікелей мұрындық болғын Әлиханның әкесі Серікзат Дүсенғазы байқауды жыл сайын өткізу дәстүрге айналатынын жеткізді. 

Фестиваль жеңіпаздары кейінірек жарияланады.

фото: instagram: Серікзат Дүсенғазы

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл