Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматы мен Астанадан бір мандатты өзін-өзі ұсынып, көп дауысқа ие болған кандидаттардың есімдерін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана қаласынан халықтың тікелей дауыс беруімен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына өткендер:
71 мың 698 дауыспен - Дәулет Тұрлыханов
51 мың 769 дауыспен - Дәулет Мұқаев
Алматыдан Мәжіліс депутаттары болды:
Ермұрат Бапи - 23 мың 690 дауыс
Бақытжан Базарбек - 22 мың 685 дауыс
Ерлан Стамбеков - 15 мың 930 дауысқа ие болды.
Басқа да округтерден бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі:
Данабек Исабеков (Шымкент)
Болатбек Нәжметдинұлы (Шымкент)
Нұртай Сәбилянов (Абай облысы)
Айна Мысырәлімова (Ақмола облысы)
Қазыбек Әлішев (Ақтөбе облысы)
Ардақ Назаров (Алматы облысы)
Данияр Қасқарауов (Алматы облысы)
Әділ Жұбанов (Атырау облысы)
Абзал Құспан (БҚО)
Мұқаш Ескендіров (Жамбыл облысы)
Гүлдара Нұрымова (Жамбыл облысы)
Руслан Қожасбаев (Жетісу облысы)
Құдайберген Бексұлтанов (Қарағанды облысы)
Арман Қалықов (Қарағанды облысы)
Әбіл Еркін (Қостанай облысы)
Мархабат Жайымбетов (Қызылорда облысы)
Еділ Жаңбыршин (Маңғыстау облысы)
Амантай Жарқынбек (Павлодар облысы)
Еркебұлан Мәмбетов (СҚО)
Қайрат Балабиев (Түркістан облысы)
Ұласбек Сәдібеков (Түркістан облысы)
Темір Қырықбаев (Түркістан облысы)
Айта кетейік, бүгінде Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Күні кеше өткен кезектен тыс сайлауда 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бір мандатты аумақтық округтерден сайлану мүмкіндігі болды.
Тағы көру