Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургтері үшкіл жүйке невралгиясы диагнозы қойылған науқасқа күрделі ота жасады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, семейлік нейрохирургтер үшкіл жүйке невралгиясы бар науқастарды емдеудің жаңа әдісін енгізді. Бүгінде МӘМС жүйесі аясында алғашқы екі науқасқа сәтті ота жасалды. Оның бірі – 60 жастағы Жұпар Ысқақова.
«Ауыр патологиядан машақат тартып кете жатқаныма 11 жыл болды. Өне-бойым ауырсынып, іштен күйіп жатқандай болады. Соның салдарынан жүріп-тұрудан қалдым. Тіпті дұрыс жуына алмай, тамақ та іше алмадым. Осыншама жыл бойы күлу дегеннің не екенін де ұмыттық», - дейді ол.
Ауруханадағы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Алтай Құлтумановтың айтуынша, бұл сырқат көбінесе 50-70 жастағы әйелдерде кездеседі.