Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Шашы мен тырнағын жұлып, азаптаған”: айыпталушылар бостандықта жүр
Жаңалықтар

“Шашы мен тырнағын жұлып, азаптаған”: айыпталушылар бостандықта жүр

15.05.2025
1 мин
0
81

Бір жыл бұрын Алматыда 7-қабаттан құлап көз жұмған 21 жастағы Ақнәр есімді бойжеткеннің анасы күдіктілерге қатысты қамауға алу туралы қаулы шыққанына қарамастан, олардың әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне алаңдаулы екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған, бес тілді меңгерген Ақнәр Гүлстан әлемдік деңгейдегі ірі компаниялармен жұмыс істеп, сауда саласында да жетістікке жетіп жүрген. Алайда оның болашағы өткен жылы қапияда үзіліп кетті.

Анасының айтуынша, қайғылы оқиға орын алған түнде белгісіз бойжеткен Ақнәрдың телефонынан қоңырау шалып, қызын өлтіріп жатқандарын хабарлаған. Кейін туыстарына да аудиохабарлама жолданған. Тіпті күдіктілер Ақнәрды азаптап жатқан сәттерді оның телефонына түсіріп алған.

Марқұмның анасы Гүлстан Қамиттің айтуынша, қызының шашы мен тырнағы жұлынған, денесінде тістеген іздер мен қылқындыру белгілері анық байқалған. Бұл қатыгездікпен жасалған қылмыстың дәлелі бейнежазбаларда көрініп тұрса да, күдіктілердің жауапкершілікке тартылмай жүргені туыстарын алаңдатып отыр.

- Сараптама қорытындысында бір қыз мас күйде болғаны, екіншісінің де қанынан спирт табылғаны айтылған. Ал менің қызымның бойынан алкоголь анықталмады. Соған қарамастан, қорытындыда тек иығынан құлағына дейін жарақат ізі бар деп жазылған. Бұл материалдарды тергеуші медициналық сараптамаға да тапсырмаған, – дейді анасы.

Көршілер айқай-шуды “ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал” деп ойлап, еш әрекет етпеген. Куәгерлердің айтуынша, қыз құлағаннан кейін біраз уақыт тірі болған, бірақ сөйлеуге шамасы жетпеген. Кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Ақнәрдың анасы тергеудің сапасына күмән келтіреді. Айтуынша, құқық қорғау органдары екі күдіктімен небәрі алты минут қана сұхбаттасқан. Прокуратура күдіктілерді қамауға алу туралы қаулы қабылдағанымен, олар әлі жазаға тартылмаған.

- Іс тек өзін-өзі өлтіру бабы бойынша қозғалған. Алайда бейне және фото айғақтар Ақнәрдың 7-қабаттан құламай тұрып та аяусыз азапталғанын дәлелдейді. Осындай нақты айғақтар бола тұра, неге он ай бойы қылмыстық іске ‘азаптау’ бабы қосылмады?, – дейді қорғаушы Инга Иманбай.

Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын растады. Тергеу шеңберінде дәлелдер жинақталып, бейнежазбалар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынуда. Іс департамент басшылығының жіті бақылауында.

Телеарна мәліметінше, күдікті деп танылған екі қыз марқұммен бір университетте оқыған. Қазір олар елден шығуға тыйым салынған жағдайда жүр. Ақнәрдың туыстары әділдік орнап, кінәлілердің заң алдында жауап бергенін қалайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл