Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дәулет Төлеутайұлы оқырмандарымен кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, алты күнде алты отбасы баспаналы болды. Жиналған қаржы сомасы - 100 миллион теңге.
12 мамырда Instagram әлеуметтік желісі арқылы Шымкенттегі 8 баласы бар жалғызбасты әке жайлы оқырман хат жолдаған екен. Нәтижесінде 8 сағат ішінде Әдихан ағаға деп 7,5 миллион теңге жиналған. Қайырымдылықтың нышанына айналған Дәулеттің оқырмандары үшін бүгін - қоныс той. Баспананың кілтін Дәулет Төлеутайұлы арнайы Шымкент қаласына барып табыстады.
"Әдихан ағаның оқиғасын оқып, баспана сыйлайық деп, бірден ақша жинауды бастадық. Сөйтіп, бір күнде оған Шымкенттен баспана алып бердік. Үйді түсіріп берген бағасы - 6,5 миллион теңге. Қожайыны үйдің барлық затын алып кетемін деген соң, Әдихан ағаға жиһаз бен керек-жарағын алу үшін тағы 1 миллион теңге бердік", - дейді ол.
Бұл мамыр айында жасалған қайырымдылықтың бірқатары. Алда "Дәулеттен" қайырымдылық қоры реми тіркеліп, маусым айында 5 отбасыға баспана алу жоспарда бар.