Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Стратегиялық жоспар жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге жауап болады – Мамин
Жаңалықтар

Стратегиялық жоспар жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге жауап болады – Мамин

04.06.2020
1 мин
0
856

Премьер-министр Асқар Мамин президент жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мамин мемлекеттік комиссияның басты міндеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасын жаңа редакцияда әзірлеу екенін атап өтті. Жоба президенттің қарауына осы жылдың 1 тамызына дейін енгізіледі.

Құжатта орташа мерзімді кезеңге арналған елдің жаңа экономикалық бағытының бағдарлары айқындалады. Оның ішінде сыртқы экономикалық конъюнктурадағы өзгерістерді ескеріп, экономикада институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуге қатысты түбегейлі жаңа тәсілдер қамтылады.

"Стратегиялық құжат ағымдағы және әлеуетті экономикалық сын-тегеуріндерге жауабымыз болады. Бізге еліміздің бәсекелі артықшылықтарын барынша пайдаланып, Қазақстан экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеп, қабылдау қажет", - деді Мамин.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл