Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
Жаңалықтар

Су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

30.10.2024
1 мин
0
519
Сурет: mail.kz

Су қоймаларының табиғи апатқа дайындығы қандай? Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанның оңтүстік облыстарының су қоймалары 55 пайызға толы. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23% артық. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.

Ал солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінің қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады.

Бүгінгі таңда солтүстіктегі су қоймалары 79% толы. Батыс жақта су қоймаларының орташа су жинау көлемі - 44%. Шығыстағы су қоймалары 89%-ға толы болса, Орталық Қазақстандағы су қоймаларында 85% су бар.

- Бүгінгі таңда барлық су қоймасы бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Алайда жұмыс кестесі су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрлік барлық облысқа су басу қаупін азайту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыратын жерснарядтар секілді мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, өзен арналарын тазарту жөнінде ұсыныс жіберді, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл