Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оның айтуынша, алыс танысы банк қосымшасы арқылы өзіне ақша аударып аламын деп алдап, оның атына 14 миллион теңге несие рәсімдеген.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Осындай жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ адамды ұстау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында екі тәулік ішінде күдікті ұсталған.
Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, Шардара АПБ-ға жеткізді. Полицейлер күдікті деп танылған жергілікті тұрғынның ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.