Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тарихи жеңіс: хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Спорт

Тарихи жеңіс: хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

09.11.2024
1 мин
0
347
Сурет: icehockey.kz

Бүгін Азия чемпионатының шешуші матчында Қазақстан құрамасы Жапонияны 5:1 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандық команданың капитаны Евгений Рымарев дубль авторы атанса, қорғаушылар Егор Наместников пен Владимир Гребенщиков, сондай-ақ шабуылшы Евгений Королинский бір-бір шайбадан соқты. Жапония сапынан жалғыз голды Таига Ирикура салды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан мен Жапония 6 ұпайдан жинады, алайда жеке кездесудегі нәтижеге байланысты жеңіс отандастарға бұйырды. Осылайша, тарихта алғаш рет өткен хоккейден Азия чемпионатының алтыны Қазақстанның қоржынына түсті. Жапония құрамасы күміс медальды иеленсе, Оңтүстік Корея қола жүлдеге қол жеткізді. Ешбір матчта жеңіске жете алмаған Қытай хоккейшілері турнирді төртінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Алматыдағы Азия чемпионатын жеңіліспен бастаған еді. Олег Болякин шәкірттері алғашқы ойында Оңтүстік Корея командасына жол берді (4:1). Бірақ ұлттық құрама екінші матчта Қытайды ірі есеппен жеңіп, жағдайды түзеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
174
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл