Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

28.08.2025
1 мин
0
150
Сурет: Aqorda

Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сенім грамоталарын: 

• Украина елшісі Виктор Майко; 

• БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа; 

• Үндістан Республикасының елшісі Я.К. Сайлас Тангал; 

• Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының елшісі Осман Михаджи; 

• Швеция Корольдігінің елшісі Ларс Стефан Эрикссон; 

• Бельгия Корольдігінің елшісі Эрик де Майер;

• Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Джейн Аксуорси; 

• Латвия Республикасының елшісі Даце Рутка; 

• Грузия Республикасының елшісі Леван Диасамидзе тапсырды.

Президент дипломаттарға Қазақстанның көп векторлы және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді. 

Мемлекет басшысы еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ыстық ықыласын жолдады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл