Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев қаржыгерлерге үндеу жолдады: талқылайтын мәселелер бар

Тоқаев қаржыгерлерге үндеу жолдады: талқылайтын мәселелер бар

12.11.2021
1 мин
0
1491

Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлері конгресінің қатысушыларына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақордада шыққан жаңалыққа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде жиынға қатысушыларды Қазақстан қаржыгерлері конгресінің ашылуымен құттықтап, бұл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Биылғы басқосу Ұлттық валюта күні және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор. Өйткені төл теңгеміз – Елдігіміз бен Егемендігіміздің шынайы белгісі. Біз тоқсаныншы жылдардың басында негізгі нарықтық реформаларды жүзеге асырдық. Қаржы қатынастарын кешенді түрде қайта қарап, жаңғырттық. Әлемдегі озық тәжірибені ескере отырып, банк саласына түбегейлі өзгерістер енгіздік. Еліміздің толыққанды қаржылық инфрақұрылымы жасалды. Соның нәтижесінде қор жинап, оны тиімді жұмсауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ ауқымды инвестицияға жол ашылды, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, біз сындарлы мемлекеттік саясаттың арқасында бәсекеге қабілетті қаржы секторын қалыптастырдық.

– Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 триллион теңгеден асады. Бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өткен жылдың басында коронавирус пандемиясы және оның салдары әлем экономикасына орасан зор зиян келтіретінін ешкім күтпегенін атап өтті. Сондай-ақ нарықтардың құлдырауы кейінгі жүз жылда болған ең айтулы оқиғаның бірі екенін айтты.

– Мемлекеттік және халықаралық институттардың қабылдаған теңдессіз шаралары жағдайдың одан әрі шиеленісіп кетуіне жол бермеді. Алайда, шикізат, сауда және қаржы салаларындағы ахуал әлі де құбылмалы болып тұр. Жаһандық сын-қатерлер мен үрдістерді ескере отырып, қаржы саласын одан әрі дамыту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл ретте елдің экономикалық өсімін қолдау оның негізгі міндеті болып қала береді. Мемлекет қиын кезеңдерде отандық қаржы секторын үнемі қолдады. Соның арқасында бүгінде банктердің жұмысы тұрақты әрі экономиканы несиелендіретін әлеуеті жоғары. Сондықтан олар экономиканы жылдам қалпына келтіруде және оны одан әрі әртараптандыруда негізгі рөл атқаруға міндетті, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қор нарығын, соның ішінде экономиканы қаржыландырудың тағы бір маңызды көзіне айналуы қажет "Астана" халықаралық қаржы орталығын белсенді дамыту керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысының пайымдауынша, қазіргі кезеңде жаһандық қаржы институттарының қарқынды дамуына, көрсетілетін қаржылық қызметтерді барынша цифрландыруға байланысты міндеттерді де ескеру қажет.

– Бұл мәселелер байыпты талқылауды және теңгерімді шешімдерді іздестіруді қажет етеді. Осы бағыттардың дәйекті дамуы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша жол ашады. Түптеп келгенде, халқымыздың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының алдындағы ортақ міндет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті аталған жиын еліміздің қаржы саласын нығайта түсу үшін тиімді шаралар әзірлеуге септігін тигізетініне сенетінін жеткізді. Бейнеүндеу соңында қаржы жүйесінің қызметкерлерін тағы да кәсіби мерекесімен құттықтап, конгресс жұмысына табыс тіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл