Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаевтың сынынан кейін бірқатар лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Үкімет

Тоқаевтың сынынан кейін бірқатар лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

22.07.2025
1 мин
0
416

Тоқаевтың сынынан кейін бірқатар вице-министрлер, әкімдер және басқа да лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Курорттық аймақтарда жүргізілген тексеру нәтижесінде нақты шаралар қабылданып, бірнеше жауапты қызметкер тәртіптік жазаға ұшыраған, - деп хабарлайды Dauletten.kz үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, Мемлекет басшысының туризм саласындағы тапсырмаларын орындау мақсатында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жетекшілік ететін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.

Аталған топтың құрамына Туризм және спорт, Көлік, Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Денсаулық сақтау министрліктері мен басқа да уәкілетті органдардың өкілдері кірген.

10-12 шілде аралығында Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарында өткен инспекциялық сапар барысында жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.

Жұмыс тобының мүшелері туристермен кездесіп, Қапшағай су қоймасы, Алакөл мен Балқаш көлдеріндегі инфрақұрылым жағдайымен танысты. Азаматтар тарапынан инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, қызмет сапасының төмендігі мен қауіпсіздік шараларының жоқтығына қатысты шағымдар расталды. Әсіресе жергілікті билікке қарасты коммуналдық жағажайлардың жай-күйі алаңдаушылық тудырған. Онда абаттандыру талаптарының сақталмауы, кассалық тәртіптің болмауы, санитарлық және қауіпсіздік нормаларының еленбеуі сияқты фактілер тіркелді.

Инспекция нәтижесінде мынадай тәртіптік шаралар қабылданды:

  • Туризм және спорт вице-министріне, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс берілді;
  • Қонаев пен Балқаш қалаларының, сондай-ақ Алакөл мен Мақаншы аудандары және ауылдық округтер әкімдеріне сөгіс жарияланды;
  • Облыстық деңгейде кәсіпкерлік, туризм, экология, сәулет және сауда саласына жауапты басқарма басшыларына тәртіптік шаралар қолданылды;
  • Экология, денсаулық сақтау, қаржы, су ресурстары, сауда және көлік министрліктерінің өңірлік бөлімше басшылары да жауапкершілікке тартылды.

- Жергілікті деңгейде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі тексерулер жүргізілуде. Осы жұмыстардың қорытындысында туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған Жол картасы әзірленеді, онда саладағы басты мәселелерді шешу үшін нақты шаралар көрсетіледі, – делінген үкімет мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, тұрақты негізде туристік қызмет сапасын жақсарту, курорттық аймақтарды абаттандыру және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіретін арнайы Жобалық кеңсе құрылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл