479.26
546.21
6.13
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түрген өзені тасып, демалыс аймағындағы адамдар шұғыл эвакуацияланды
Жаңалықтар

Түрген өзені тасып, демалыс аймағындағы адамдар шұғыл эвакуацияланды

02.07.2026
мин
0
29
Сурет: Ғаламтордан

Алматы облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан Түрген өзені арнасынан асып, Ассы үстіртіне баратын жолды су шайып кетті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облысында нөсер жауынның салдары ауыр болды. Түрген өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, су Ассы үстіртіне апаратын жолдың бір бөлігін шайып кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басқан аумақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар «Водник» бау-бақша серіктестігіндегі төрт ауланың аумағына су кірген.

Қауіпсіздік шаралары аясында құтқарушылар 58 адамды эвакуациялады. Олардың арасында 21 бала және 8 шетел азаматы бар.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Жаз мезгілінде Ассы үстіртіне демалушылар мен туристердің легі көбейетіндіктен, мұндай табиғи құбылыстар таулы аймақтардағы инфрақұрылымның осал тұстарын тағы бір мәрте көрсетті. Мамандар тұрғындар мен туристерге ауа райы күрт нашарлаған жағдайда өзен аңғарлары мен шатқалдарға бармауға кеңес береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл