Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғылықты жер бойынша қалай тіркелуге болады?
Қаржылық сауат

Тұрғылықты жер бойынша қалай тіркелуге болады?

07.09.2021
1 мин
11
9011

Азаматтар жеке куәлікті немесе төлқұжатты алған кезде тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет. Сіздерге тұрғылықты жер бойынша тіркеу әдістері, нормалары мен шектеулері туралы ақпаратты ұсынамыз.

Тіркеуге рұқсат етілген жерде тұрақты немесе уақытша негізде тіркелуге болады. Оларға:

- тұрғын үй, пәтерлер;

- саяжай құрылыстары, бау-бақша бірлестіктері, кооперативтер;

- жатақханалар, қонақ үй, демалыс үйлері, емдеу мекемелері;

- пансионаттар мен қарттар үйлері жатады.

Пәтерге қанша адамды тіркеуге болады

Жеке меншік тұрғын үй үшін Қазақстан Республикасының заңы бойынша тіркелетін адам санына шектеу жоқ. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе әкімдік жалға берген жылжымайтын мүлікте бір адамға кемінде 15 шаршы метр болуы керек деген норма қабылданған. Мысалы, ерлі-зайыптылар немесе анасы мен қыз бала үшін бір бөлмелі пәтер берілсе, ал анасы мен ұл балаға екі бөлмелі пәтер берілуі керек. Дәл осындай пәтерлерге көп адамды тіркеу мүмкін емес.

Тұрғылықты жер бойынша қалай тіркелуге болады

Елімізде тұрғылықты жер бойынша тіркелудің екі әдісі қарастырылған. Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығы және eGov.kz сайты арқылы тіркеле алады.

Сізге қажет құжаттар тізімі:

  • жеке куәлік, 14 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлік;
  • тұрғын үй иесінің жеке куәлігі;
  • меншік иесінің тұрақты немесе уақытша тіркеуге жазбаша немесе электрондық келісімі. ХҚКО-да меншік иесінің болуы міндетті. Портал арқылы тіркелу кезінде пәтер иесі келісімге ЭЦҚ-мен қол қоюы тиіс;
  • қызметтік ғимараттарда тіркеу кезінде әкімшілік тарапынан жұмыс орнында тіркеу туралы өтініші керек.

eGov.kz арқылы қалай тіркелуге болады

Тұрғылықты жерге eGov.kz арқылы тіркелу үшін міндетті түрді ЭЦҚ кілті болуы керек.

  1. eGov.kz сайтына тіркеліп, қызмет бөліміне өтесіз;
  2. Тіркеу мақсаты, мәртебесі, мамандығы және т. б. туралы мәліметтерді толтырыңыз;
  3. Тіркеу түрін таңдаңыз;
  4. Өтініммен танысып, ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Балаларды тіркеу

14 жасқа дейінгі балалардың тұрғылықты жері олардың ата-аналарының тұрғылықты жері болып автоматты түрде танылады. Ал 14 жастан бастап тіркеу жоғарыда сипатталғандай eGov немесе ХҚКО арқылы ресімделеді.

Тіркелмеген азаматтарға қандай айыппұл қарастырылған

Уақытша тіркеудің болмауы үшін бір айдан астам уақытқа 7 АЕК (20 419 теңге) және иесіне 10 АЕК (29 170 теңге). Бір жыл ішінде заңды қайта бұзушылық анықталған жағдайда 20 АЕК-ке дейін (58 340 теңге) төлеу міндеттеледі.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару қалай іске асады?

Қазақстан Республикасы азаматтарын жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде,  бұрын  тіркелген  бойынша тіркеуден шығару ақпараттық жүйеде бір уақытта жүзеге асырылады (автоматты түрде). 

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару: республика шегінен тыс тұрақты тұруға кеткендер, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған  деп танылған азаматтар үшін, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуден шығару үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  2. Тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректерін көрсете отырып, еркін нысанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы өтініші.
  3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (меншік құқығын растау үшін).
  4. Паспорт, туу туралы куәлік – жеке басты сәйкестендіру үшін; жеке куәлік (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін) – республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға.
  5. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсат беру туралы анықтамасы (республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға).
  6. Тұрғын үй жайды пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі (сот шешімі бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде).

 

 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
11 Пікір
А
Анар 06.04.2022
Мен прописка отргым келеди
Жауап беру
Ж
Жамила 28.09.2021
менің балам Өзбекстан азаматшасына уйленген оны қалай тіркеуге алады
Жауап беру
Б
Ботакоз 24.09.2021
Мен жалгыз басты анамын! жакында кызметтік жатақханада тіркеудің шығарып тастаған Алматы қалалық пайдалану бөлімі!каншалықты заң бұзушылықтар жатады және қайтадан калай тіркелуге болады! қанщадык
Жауап беру
Д
Дина 08.09.2021
Мен 2010 жылы ҰҚК қызмет атқарғанда акиматқа үйге тіркелген болатынмын. Қазіргі таңда үйде баламен отырмын. Жұмыстан шығып кеттім. Еш жерде жұмыс істемеймін, само занятая. Биыл маған смс келді, мені үйге кезектен алып тастадық деген. Қаншалықты бұл дұрыс?
Жауап беру
А
Айман 07.09.2021
Жалғызбасты анамын қалай уиге кезек ке тұрсам болат калаи комек акша алсам болат Алмата
Жауап беру
Н
Нурсулу 07.09.2021
Мен көп балалы анамын Нур Султанга калай тіркеліп уй кезегіне туруга болама. Инвалит балам бар тіркелсек уй ала аламыз ба?
Жауап беру
18.09.2021
Цонга барып турасыз.
Жауап беру
Ш
Шадияна 07.09.2021
Озым квартирада турамын. Уйге кезекке турып койдым мугедек баланын асыраушы категориямен кашан алтынымды былмеймын
Жауап беру
А
Асия 07.09.2021
Быз квартира да турамыз. Үйлер салынып жатыр бырак үй кезегы жылжымалы умытымды уздым окыметтен
Жауап беру
Г
Гүлшат 07.09.2021
Дұрыс
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл