Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістанда елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаға байланысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға қыркүйекте Келес ауданы, Амангелді ауылында болған. 30 жастағы ауыл тұрғыны 15 жастағы қызды өз үйінде зорлап, оны және анасын өлтірген деп айыпталуда. Күдікті мектепте практикант болып жұмыс істеген және 15 жастағы қызға көз салып, қырындаған көрінеді. Қыздың анасы бұл жағдайды білгеннен кейін бірден мектеп директорына шағымданған. Нәтижесінде 29 жастағы жігіт жұмыстан босатылған. Алайда ашуға булыққан ол он айдан соң бұл сұмдық қылмысты жасаған.
Жәбірленуші тарап күдіктіге қатаң жаза беруді талап етуде.
- Таңғы 03:31-де “жеңгең мен қарындасыңды ұрып кетті” деген хабар келді. Барсақ, жедел жәрдем көлігі тұр екен. Қарындасым бір көзі жоқ болып, өліп жатыр. Жеңгем де ауыр жараланған. Түрін тану мүмкін емес, хайуандықпен өлтірілген. Өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз, – дейді марқұмдардың туысы Серік Тұрғанбаев.