| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, оны 18% деңгейінде бекітті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялап, көрсеткішті 18% деңгейінде сақтап қалды. Бұл шешім инфляциялық қысым мен сыртқы экономикалық тәуекелдердің сақталуына байланысты қабылданған.
Ресми деректерге сәйкес, наурыз айында жылдық инфляция 11% деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар айлық баға өсімі 0,6%-ға дейін баяулаған. Алайда халықтың инфляциялық күтулері 14,6%-ға дейін өсіп, экономикалық ахуалға әсер ететін факторлардың әлі де бар екенін көрсетеді.
Бірінші тоқсанда ел экономикасы 3% өсім көрсеткен. Негізгі өсім құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен қамтамасыз етілді.
Ұлттық банк алдағы уақытта макроэкономикалық жағдай тұрақталған жағдайда базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді. Келесі шешім 5 маусымда жарияланбақ.