Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде (+/- 1 п.т. дәлізімен) белгілеу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл шешім инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы нәтижесінде бағаның шектен тыс өсу қаупіне байланысты қабылданды.
Қыркүйекте жылдық инфляция 12,9%-ға дейін қарқын алып (тамызда – 12,2%), Ұлттық Банктің болжамынан асып түсті. Азық-түлік бағасы өндіріс шығындары мен импорт құнының өсуіне байланысты көтерілді. Сервистік инфляция 15,3%-ды, реттелетін қызметтер 30,4%-ды құрады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да 10,8%-ға жетті, жанар-жағармай бағасы бір жылда 11,9%-ға қымбаттады.
Айлық инфляция 1,1%-ға дейін жеделдеді (тамызда – 1,0%). Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция тиісінше 1,2% және 1,3%-ға дейін өсті.
Халықтың инфляциялық күтулері жоғары және құбылмалы болып қалды. Нарық қатысушыларының күтулері 11,3%-дан 12%-ға дейін көтерілді.
Сыртқы инфляциялық әсер сақталып отыр, әсіресе әлемдік азық-түлік нарықтарындағы бағаның өсуі тәуекел туғызуда.
2025 жылғы қаңтар–тамызда экономиканың өсуі 6,5%-ға дейін жеделдеді (2024 ж. – 3,7%). Өсім көлік және қоймада сақтау (+21,5%), құрылыс (+18,1%), сауда (+8,9%), тау-кен (+9,6%) және өңдеу өнеркәсібі (+6,5%) салаларында байқалды.
Ұлттық Банк инфляцияның айтарлықтай жеделдеуі, жоғары инфляциялық күтулер және айырбастау бағамының әлсіреуі жағдайында ақша-кредит саясатын қатаңдату қажеттілігі туындағанын мәлімдеді.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі жоспарлы шешім 2025 жылғы 28 қарашада, сағат 12:00-де (Астана уақытымен) жарияланады.