Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық нақышты заманауи үлгіде жаңғыртқан дизайнер
Менің кәсібім

Ұлттық нақышты заманауи үлгіде жаңғыртқан дизайнер

10.10.2024
1 мин
0
794

Елімізде өз кәсібін шебер игеріп, өзгелерге үлгі болып жүрген кәсіпкерлер аз емес. Олар тек табыс табуды ғана үйретпей, қоғамды дамуға, уақытты тиімді пайдалануға баулиды. Осындай тұлғалардың бірі – Балнұр Ахметқазиева. Ол соңғы тоғыз жыл бойы дизайн саласында табанды еңбек етіп, өзінің ісімен талай жанға жол көрсетіп келеді. Dauletten.kz сайтының тілшісі еңбекқор ұстаздың шеберханасына арнайы барып, оның жұмысымен жақын танысып қайтты.

Кейіпкеріміз Балнұрдың екінші үйіне айналған жұмыс орнына қадам басқан сәтте-ақ, оның өз ісіне деген адалдығы мен шынайы сүйіспеншілігі бірден байқалады. Қызу жұмыс жүріп жатқан цехқа кіргенде, махаббатпен жасалған әрбір бұйым көздің жауын алады. Айналаға қызыға қарап, Балнұрмен әсерлі әңгімеміз басталып кетті. Сонымен біз бастаймыз. Кәсіби дизайнер бұл салаға қалай келді?

Мен өзім дизайнер мамандығында оқығанмын. Ата-анамның бухгалтер, дәрігер бол дегеніне көнбедім, өзім қалаған мамандыққа колледжге грантқа оқуға түстім. Қазақы нақышты қатты жақсы көремін, патриотпын десем де болады. Киімдерім, әшекейлерім қазақи нақышта, дәл осы салаға қазақтың ұлттық киімдерін қолдау мақсатында келдім. Мен бұл жолды нөлден бастадым, осы саламен айналысамын, басқа іспен айналысып көрген жоқпын, жүрегім бірден осы дизайн саласын қалады, - дейді кәсіпкер.

 

                                                                             «Біртүрлі» киім киіп, сенімді жүрдім»
Балнұр ең алғаш студент шағында өз киіміне қазақи колоритті қосып көрген. Міне, содан бері киімдерге ерекше өң беруге құмартқан. Қазақы нақышты қолдану идеясы қайдан келді?

Ең алғаш колледжде ұлттық нақышты өз киіміме жасап көрдім. Ол кезде тордың сыртына ою жабыстырдым. Бұл стильді бірінші болып мен жасағанмын. Көрген адам бірден қызығушылық танытты. Бұл ерекшелігімді түсінбеген жандар да кездескен. Сол кезде бір ұстазым маған бұл стиль туралы “біртүрлі” деген пікір білдірді. Алайда ол күні сондай пікір естігеніме қарамастан, өте сенімді жүрдім, барлық адамның назары менде болды. Сол сәтте ұлттық киімімізді заманауи форматта жасау керек екенін түсіндім. Сондықтан қазір принтпен, оюлармен киімдерді заман талабына сай етіп тігіп жатырмыз, - деді кейіпкеріміз.


                                                                                     Ерекше киімге сұраныс неге аз?
Еңбекқорлықтың нағыз үлгісін көрсетіп жүрген Балнұрдың сөзінше, басында мұндай киімдерге сұраныс аз болған.

9 жыл бұрын сұраныс аз болды, қазірдің өзінде көп емес, бірақ бүгінгі заманның жастары қазақша сөздермен немесе кішкентай оюлармен көмкерілген киімдерге тапсырыс беріп жатыр. Ал үлкен кісілер әлі де өздерінің бұрынғы киімдерінен бас тарта алмайды, ерекшеленгілері келеді, алайда мұндай заманауи киім киюге әлі дайын емес.

 

-Осы саладан басқа тағы қандай жобаларыңыз бар?  Білуімізше, балаларды дамытатын ойыншық жасаумен де айналысасыз, сол туралы толығырақ айтып берсеңіз.

Қазір елімізде көбінесе шетелдік ойыншықтар сатылады. Бұл ойыншықтар баланың психикасын бұзады. Біз қазақтың төрт түлігі қой, қозы сияқты мал түрлерінен ойыншық жасаймыз. Алдымен өткелдер, сосын ойыншықтар, содан кейін пазлдар ойлап шығардық және балалар үйіне сыйлық ретінде жібердік.


«Бренд қалыптастырып жатқан шәкірттерім көп»

Көп оқушыларым мемлекеттік 5 миллиондық, 1,5 миллиондық гранттарға ие болған, соларға біз көмектесеміз, идея айтамыз, дұрыс қорғау жолдарын үйретеміз. Осы жақында мені кәсібінің ашылуына шақырған шәкіртім бар. Оқушыларымның арасында бренд қалыптастырып жатқандар өте көп. Олардың киімдерін көргенде өзім таңқаламын.


- «Ұстаздық еткен жалықпас» дегендей, осы саланы бастағалы отырған адамдарға қандай кеңес берер едіңіз?

Әр кәсіптің өз қиындықтары бар. Кейде шәкірттерім: “Сауда жүрмей жатыр, ешкім алмай жатыр”, – деп шағымданады. Бірақ ол үшін уақыт қажет, бірден нәтиже күтпеу керек. Өз жұмыстарыңызды халыққа тұрақты түрде көрсетіп, ерінбей, жалықпай еңбектену қажет. “Сұраныс аз, қытайдан ала салуға болады ғой”, – деген пікірлер үшін көптеген дизайнерлер бастаған жолдарын тастап кетті.

– Дәл осы салада қандай қиындықтарға кезіктіңіз?
 

Біз көбінесе принтпен жұмыс істегендіктен, киімдегі сурет жуудан кейін кетіп қала ма, түсі өзгеріп кете ме деген қорқыныштар болады. Сондай-ақ үлкен кісілердің мұндай киімдерді киюге қысылатындары бар. Қазір көп адам қытайлық киімдерге тапсырыс беруге құмар, ал отандық өнімге қолдау аз көрсетіледі, - деп Балнұр сөзін аяқтады.


Айналаға бір көз тастасақ, өз кәсібін бастауға ниетті азаматтардың қатары көп. Алайда біріне табандылық, біріне шапшаңдық, біріне жаңа идея жетіспей жатады. Ал Балнұр сол жандарға жол көрсететін еңбекқор батыл қыздардың бірі.

Видеоны инстаграм парақшасынан көре аласыздар Dauletten.kz.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл