Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлытау облысының жүзге жуық тұрғыны қайтарымсыз грантқа ие болды
Жаңалықтар

Ұлытау облысының жүзге жуық тұрғыны қайтарымсыз грантқа ие болды

19.12.2023
1 мин
1
523
Фото: pixabay.com

Биыл Ұлытау облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға 92 грант беру жоспарланған. Бүгінгі күні барлық жобаға қатысушылар мемлекеттен қолдау алып, өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ұлттық жобаға қатысушылардың бірі Қаражал қаласының тұрғыны Гүлшат Кенебаева. Ол 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грантты «Тазартылған ауыз су ұсыну» бизнес жобасына алған.

«Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы аясында онлайн бизнес жүргізудің негізгі білімін игеріп, сертификат алдым. Ал алған ақшаға су тазарту құрылғысын сатып алдым. Осындай мемлекеттік қолдау шараларының арқасында енді менің жеке шағын кәсібім бар», – деп бөлісті Гүлшат.

Тағы бір мысал ретінде Жезқазған қаласының тұрғыны, логопед-дефектолог Жадыра Жұмахметованы айтуға болады, жеке практиканы жүзеге асыру үшін ол да 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтқан.

«Мемлекеттік гранттар конкурсы туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан білдім, сол жерден барлық қажетті ақпаратты алып, қатысуға шешім қабылдадым. Осы қолдаудың арқасында мен түзету орталығын аштым», – дейді ол.

Бөлінген қаражатқа Жадыра Жұмахметова қажетті құрал-саймандар мен жабдықтар сатып алып, «Нұр бала» балалар түзету орталығын ашқан.

Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанда бизнес-идеяларды іске асыру үшін барлығы 9 мың грант беру жоспарланған. Бұл ретте жыл басынан бері 9 102 грант берілді.

Келесі жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға гранттар беру жөніндегі шара өз жалғасын таппақ. Жоспарға сәйкес 9 мың грант беру қарастырылған. Ол туралы тиісті хабарландырулар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ресми интернет-ресурстарында өтініштерді қабылдау басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын жарияланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Аселхан 19.12.2023
Барлық қала бойынша грант иегерлері алып болды ма? Қай уақытқа дейін үлгеруге болады?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл