Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте ұсынылған үш саяси партияны қаржыландыру қанша тұратынын айтты.
Сенат кулуарында журналистер вице-премьерден партиялардың біріне миллиард доллар бөлініп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдіруді сұрады.
"Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде партиялардың, Мәжілісте отырған барлық партияның қаржыландыруы туралы толық ақпарат бар. Заң жүзінде қабылданған белгілі бір есептеулер бар, солардың негізінде қаражат бөлінеді. Жалпы сома үш тарап үшін де 8 миллиард шамасында. Бұл бір жылға арналған, республикалық бюджетте бар", - деді Жамаубаев журналистер сауалына жауап беріп.