Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үсік шалған адамға қалай көмектесу керек?
Маман пікірі

Үсік шалған адамға қалай көмектесу керек?

10.01.2023
1 мин
0
2982

Денсаулық сақтау министрлігі үсік шалған адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін мәлімдеді.

Зардап шеккен адамды жылыту үшін оны жылы үй-жайға әкеліп, ыстық шай немесе сүт берген дұрыс. Зақымданған аяқ-қолдарды жылы жапқышпен орау қажет.

«Егер үсік шалу шамалы болса, қолдың саусақтарын қолтықтың астына тығу арқылы жылытуға болады. Егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті. Терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым зақымдануы мүмкін», - деп ескертті ведомстводан.

Егер бетті немесе мұрынды үсік шалса, жылыту үшін оларды аязда ысқылауға, содан кейін зардап шеккен адамды үй-жайға апаруға болады. Үсік шалған жерлерді қармен ысқылау ұсынылмайды. Қар одан сайын үсітеді, ал үшкір ұсақ мұздар теріні зақымдауы мүмкін.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқасты ауруханаға тез жеткізу керек, өйткені аздап үсік шалу да организмнің қорғану күшін төмендетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл