Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үйден шықпай ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?
Қаржылық сауат

Үйден шықпай ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

02.10.2020
1 мин
67
39154

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған электронды құжаттың дұрыстығын, мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышан. Біз кез келген анықтама құжатын аларда өз қолымызды қоямыз. Электронды құжат алу үшін де оның заңды екенін растау үшін қол қойылады. Сол себепті де біз ЭЦҚ-ны пайдаланамыз. ЭЦҚ өз иесі жайлы толық ақпарат сақталатын бірнеше символдар жүйесін құрайды. Бұл дегеніміз сізге қажетті құжаттың заңды түрде бұрмаланбайтындығын, өзгеріске ұшырамайтындығын растайды. Аталмыш сандық кодты сіз жеке компьютеріңізде, флеш-дискіде және жеке куәлікте сақтауыңызға болады.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін сізге:

  • Веб-камерасы және интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютер;
  • Жеке куәлік (түпнұсқа, фотосурет немесе скан-нұсқасы);
  • Ұялы телефон керек

ЭЦҚ ашу бірнеше қадамнан тұрады. Алдымен, сіздің жұмысыңызды жеңілдететін NCALayer бағдарламасын жүктеп алу керек.

1. www.pki.gov.kz сайтынан NCALayer бағдарламасын жүктеу

Бағдарлама жүктелгенде «Келесі» батырмасын басып, компьютеріңізге орнатыңыз. NCALayer бағдарламасын іске қосар кезде қауіпсіздік жүйесі туралы ескерту шығады, бұл жағдайда «Иә» батырмасын басыңыз.

2. Келесі қадам egov.kz сайтына кіріп, «Сервистер» бөлімінен «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» қызметін таңдайсыз.

3. Ары қарай «Онлайн сұрау» батырмасы

4. Сайт сіздің компьютеріңізде веб-камера орнатылғандығын тексереді. Ары қарай ЖСН еңгізуіңіз керек

5. Келесі қадамға өту барысында сізге «ЖСН мобильдік азаматтар деректер қорында тіркелмеген» деген хабарлама шықса, виртуалдық көмекші қызметін пайдаланып, видео-қоңырау шалу керек

6. Операторға жеке куәлікті көрсетіңіз, ЖСН, телефон нөміріңіз бен SMS кодты айтыңыз. Оператор нөмірді тіркегеннен кейін браузердегі сайт бетін жаңартыңыз. 1414 нөмірінен келген арнайы кодты тересіз.

7. «Сайтқа тіркелу», одан кейін «Digital ID» батырмасына басасыз. Кейін сіздің компьютеріңізде арнайы камера қосылады. Камера арқылы суретке түсіріп, оны жібересіз.

8. Сізге 4 таңбалы PIN-код жазуды сұрайды. Өзіңіз қалаған PIN-кодты енгізесіз. 

9. Жеке куәлігіңіздің суретін жолдап, жеке кабинетке кіре аласыз

10. Өзіңіз енгізген 4 таңбалы PIN-кодты қайта теріп, «Ұлттық куәландыру орталығынан» рұқсатқа келісім беру керек. Ары қай сіз жайлы толық ақпарат шығады. Содан кейін электронды поштаңызды енгізесіз. Алатын кілтті сақтау орнын таңдау керек. Дербес компьютерді таңдап, өзіңіз қалаған жерге сақтасаңыз болады. 

11. Жаңа пароль енгізіп, «Сертификатты жүктеу» батырмасын басасыз

ЭЦҚ кілттерінің дайын және қолдануға болатындығы жайлы ақпарат шығады. Нәтижесінде сіз компьютерге 2 файл жүктейсіз:

  1. Egov.kz сайтына кіру үшін «AUTH» атауымен жазылған файл қолданылады
  2. «RSA» әріптерімен басталатын файл - бұл сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыз, egov.kz сайтында қол қою үшін пайдаласыз.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
67 Пікір
Ж
Жасуланбек 16.05.2023
Эцп ключ номері
Жауап беру
М
Мирас 11.05.2023
Неше жастан бастап ашады жасым 16 да
Жауап беру
М
Мирас 11.05.2023
Неше жастан бастап ашады жасым 16 да
Жауап беру
Ж
Жамбыл 25.01.2023
Эцқ.қауыпты.жері.барма
Жауап беру
А
Аманжан 04.04.2023
ЭЦҚ толығымен қаіпсіз. Себебі, ассиметриялы шифрлау қолданылады. Және сізге ғана тән жабық кілт болады. Сонымен ғана құжаттарға қол қоя аласыз. ЭЦҚ-ны қолдану қауіпсіз, жылдам және сенімді
Жауап беру
Б
Балнұр 22.09.2022
ЭЦҚ қанша жылға дейін қолданылады жыл сайын Жасату керекпа
Жауап беру
А
Айгерим 04.03.2021
Эцп калай ашам
Жауап беру
А
Айнаш 19.10.2020
Балам 16 жаста. ЭЦК ключ тек 18 жаста беріледі. Сотталмағаны туралы анықтама алу өте қиын болып тұр. ЦОН-дағылар жолатпайды. Әлдиімді алып, баламмен барсам , кәзір жұмыс уақыты аяқталады, сіздің броныңыз жоқ деп жолатпады. Үш айлық бөпем, балам ушеуіміз салпаұтап қайттық. Сол күйі ала алмай келудеміз
Жауап беру
Ж
Жадыра 18.10.2020
Мен эцп ключ алғанда код сурады ма сурамады ұмытып калдым. 4 санды парольмди умтып калсам не истеймин?
Жауап беру
А
Асет Темірханұлы 03.10.2020
Ключ қалай ала алам
Жауап беру
Г
Гүлісжан 03.10.2020
Түсінікті рахмет
Жауап беру
Ж
Жанар 03.10.2020
Даулет түсінікті сен КЕРЕМЕТСІҢ
Жауап беру
И
Индира 02.10.2020
Ұялы телефон арқылы бола ма?
Жауап беру
С
Сандугаш 03.10.2020
Жок болмайды
Жауап беру
Н
Нуркен Бекетулы 03.10.2020
Болмайды
Жауап беру
Н
Нұрбибі 02.10.2020
Телефонмен болмай ма менде кампьютер жоқ
Жауап беру
Н
Нуркен Бекетулы 03.10.2020
Жок
Жауап беру
Ж
Жазира 02.10.2020
Телефонмен жасауга болмайды ма екен?комп.жок
Жауап беру
Г
Гульжихан 02.10.2020
ЭЦП ашу деген мен ушин бир жыр болып еди,таннан кешке дейнги адамдар мени тусинеди)) бул жерде бари оте тусиникти етилип корсетилген.Рахмет сизге Даулет!!!
Жауап беру
Н
Нуркен Бекетулы 03.10.2020
Ютубтада бар инструкция
Жауап беру
М
Максат 02.10.2020
Телефонмен алуга болмаим
Жауап беру
А
Айгүл 02.10.2020
Мен қолыма 75000 аламын 10000.90000 алады екенсыз диды
Жауап беру
Айгүл 02.10.2020
Эцқ дакумент тансырмақшы едым менің қолға алатын айлық ақшані емес пенсони т.б ыстаған ақшаның барлығын есептеп сізге шықпайды диды
Жауап беру
Г
Гаухар 02.10.2020
Ключты цоннан емес еговтан аштырдык ..канша уакытка жарамды..егер цонга барып аштырса бир жылга жарамды ма???
Жауап беру
С
Света 02.10.2020
1жыл
Жауап беру
А
Айару 02.10.2020
Осыны компьютермен емес телефонмен қолжетімді етіп жасаса жақсы болатын еді. Кейбір адамдарда компютер жоқ. Мысалы мен. Балаларымды садикке кезекке қойалмай жүрмін. Эцқ алу үшін сыртқа шығу керек. 5баламен қайда барасың...
Жауап беру
А
Айнұр 02.10.2020
Меніңде ойым солай.соткаменде жасайтын етіп қойса екен
Жауап беру
Э
Эльвира 02.10.2020
Соткаменде алуға болады, бірақ оны компьютер ге сақтауға келмейді. Тек egov mobile да қолдана аласыз. Egov mobile плей маркетте бар.
Жауап беру
З
Замира 02.10.2020
Аллаһ разы болсын Сізге!
Жауап беру
Ә
Әзіретсұлтан 02.10.2020
Енді халық аяқтан тозып шаршамайтын болды
Жауап беру
Ж
Жанна 02.10.2020
Телефонмен эцп килтти алуға болады ма?
Жауап беру
А
Ата аналар 02.10.2020
Жок компьютермен
Жауап беру
А
Айнагуль 02.10.2020
Мен өмірімде цонға барып эцп аштырмаппын эцп клюцті үйде ашам өзімеде и куйеуімеде
Жауап беру
Е
Еркин 02.10.2020
Эцп онлайн ашу карантин уақытынан бастап болды. Оған дейін тек цоннан ашатын..
Жауап беру
М
Маржан 10.07.2020
NCALayer программанын 6 тури бар екен сонын кайсысын жуктеймин ким биледи мысалы NCALayer для Windows 32 bit осылай тур ....для windows 64 bit кайсыны жуктеу керек
Жауап беру
К
Камшат 02.10.2020
О жақсы болды ғой менікімен срогі өтіп кетіп еді
Жауап беру
С
Самат 02.10.2020
Мой компьютерге мыш сол кнопкасын басып свойства таңдаңыз сосын ашылған терезеден құрылғыңыз қай бағдарламаны колдайтынын көріңіз.
Жауап беру
М
Маржан 10.07.2020
Компютерде камера болмаган жагдайда ала алмаймын ба ?Мысалы менде камера жок
Жауап беру
А
Айнур 02.10.2020
Камера жоқ болса ала алмайсыз
Жауап беру
D
Didar 22.06.2020
Мен бірінші рет ЭЦП алдым онлайг,бірақта эцп мен кірсем ашылмайды
Жауап беру
С
Самал 15.06.2020
Жақсы түсінікті рахмеет
Жауап беру
А
Арай 14.06.2020
Телефоннан ашуга болама
Жауап беру
Қ
Қазира 14.06.2020
Телефонмен ашуға боладыма ЭЦП ны
Жауап беру
М
Меруерт 13.06.2020
Тамаша, рахмет
Жауап беру
З
Зоя 13.06.2020
керемет
Жауап беру
А
Айжан 13.06.2020
Көмегіңіз тиді Алла разы болсын Қазақтың Даулеті
Жауап беру
э
эльмира 13.06.2020
сот телефоннан ашуга болама
Жауап беру
М
Миеркуль 13.06.2020
Оте керемет тусиникти
Жауап беру
Т
Толғанай 13.06.2020
Рахмеееет. Керемет болды уақыты өтп кетіп еді.
Жауап беру
К
Кулбану 13.06.2020
Суретке түсу кезінде қиындық туады
Жауап беру
Ж
Жулдызай 13.06.2020
Тым жаксы акпарат екен.
Жауап беру
Г
Гулноза Мажит 12.06.2020
Компьютермен истеп корем
Жауап беру
Г
Галия 12.06.2020
Тусінікті уялы телефонмен болмайма вев камерасы бар компютер жок
Жауап беру
Г
Гүлдана 12.06.2020
Бәрі түсінікті, рақмет!
Жауап беру
А
Ақмарал 12.06.2020
Қажетті ақпарат алдым. Өте түсінікті жазылған
Жауап беру
А
Ақмарал 12.06.2020
Қажетті ақпарат алдым. Өте түсінікті жазылған
Жауап беру
Б
Балжан 12.06.2020
Рахмет. Оте кажет акпарат
Жауап беру
Б
Балжан 12.06.2020
Рахмет. Оте кажет акпарат
Жауап беру
12.06.2020
Ракмет тусиникти жазылган
Жауап беру
Г
Гульзина 12.06.2020
Рахмет керемет четко түсіндірілген
Жауап беру
А
Алтынбек 12.06.2020
Мен соткіме қалай қосамын
Жауап беру
А
Ақмарал 12.06.2020
Кілттерді сақтау орнының жолы деген жерін толтыра алмай қаламын папка тандалынбайды
Жауап беру
А
Ақмарал 12.06.2020
Кілттерді сақтау орнының жолы деген жерін толтыра алмай қаламын папка тандалынбайды
Жауап беру
Р
Рано 12.06.2020
Мен ЭЦҚ алмағаммын ешқашан қалай алуға болады
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл