Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Арнайы білім беру ұйымдарының "Үздік педагог" республикалық конкурсында 84 арнайы маман бақ сынасты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ ұйымдастыруымен арнайы білім беру ұйымдарының "Үздік педагог" республикалық байқауы онлайн форматта өтті.
Байқаудың басты мақсаты- арнайы мамандардың біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе жинақтау, білім саласындағы жаңа методиканы меңгеріп, заманға сай құрал-жабдықтарды қолдана білу және практика жүзінде қолдану. Байқау екі кезең бойынша өткізілді.
Финалдық кезеңге қатысу үшін республиканың 20 өңірінен 84 қатысушы бақ сынасып, бірнеше жылдық тәжірибедегі жұмыстарын ұсынды.
ПМПК, ОО, ППТК және арнайы мектептер бойынша бірнеше номинацияда бақ сынасып, жүзден жүйрік атанған жүлделі орын иегерлері арнайы марапатқа ие болды.