Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Вебкам-студиясы арқылы 1 млрд теңге тапқан: ШҚО-да бизнес желісі әшкереленді
Жаңалықтар

Вебкам-студиясы арқылы 1 млрд теңге тапқан: ШҚО-да бизнес желісі әшкереленді

07.08.2025
1 мин
0
545
Сурет: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері прокуратурамен бірлесіп, Қазақстан аумағында интернет арқылы заңсыз бейнематериалдар дайындап, таратқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Модельдік агенттік” атауын жамылған бұл топ еліміздің 10-нан астам қаласында, соның ішінде Өскеменде де вебкам-студиялар ашып, ашық форматтағы онлайн трансляциялар жүргізген. Олар 18-25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тартып, айына 2 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады деп уәде еткен. Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылардың 1 миллиард теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны белгілі болды.

Тінту кезінде 120-дан аса компьютер, веб-камералар, жарық шамдары және өзге де техника тәркіленді. Қазір бұл іске қатысы бар 14 адам ұсталды, олардың қатарында қылмыстық бизнесті ұйымдастырушылар да бар. Тергеу аяқталуға жақын. Полиция азаматтарды интернет арқылы уәде етілетін “оңай табыс” ұсыныстарына сақтықпен қарауға шақырады. Егер жұмыс ресми тіркелмеген болса немесе заңға қайшы белгілер байқалса, ондай қызметтен бас тартқан жөн.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл