Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Walt Disney компаниясының табысы ІІІ тоқсанда 42 %- ға төмендеп, 11,78 миллиард долларды құрады, - деп хабарлайды Reuters.
Компанияның табысы 3 айда айтарлықтай қысқарған. Оған саябақтардың жабылуы мен кинопремьералардың уақытының шегерілуі басты себеп. Walt Disney парктердің жабылуы салдарынан 3,5 миллиард доллардан айырылған.
"Көптеген кәсіпорнымыз жабылды. Бұл компания табысына әсер етті", - дейді Disney компаниясының бас директоры Боб Чапек.
Ал сарапшылар компания табысы 64 %- ға төмендейді деген болжам жасаған. Алайда Disney+ стриминг сервисінің және парктердің қайта ашылуы нәтижесінде компания табысын орташа деңгейде сақтап тұр.
Боб Чапектің айтынша, Disney+ жобасына инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Ол бұл технология компанияның жақсы жұмыс істеуіне ықпал етіп, табыс көзін арттырады деген сенімде.