Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордалық ұстаз қазақ ертегілерін ағылшын тіліне аударды. Оқушыларды оқытуда жаңа әдісті қолға алған №38 мектеп-лицейінің мұғалімі бірнеше туындыны шет тіліне аударған, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«39 жыл ұстаздық еткен тәжірибемде сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану, тілді ән және фильмдер арқылы үйрету әдістерін пайдаландық. Алайда танымал шығармалар мен қазақ ертегілерін аударып оқыту балалардың қызығушылығын арттырып, оң нәтиже берді», – деді мұғалім Зәмзәгүл Түйтина.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ұстаз Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі мен «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісінен үзінділерді ағылшын тіліне аударған.