Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Жаңаарқада тұрғын үй қабырғасын цементсіз қалаған мердігерге 1,2 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар

Жаңаарқада тұрғын үй қабырғасын цементсіз қалаған мердігерге 1,2 млн теңге айыппұл салынды

29.06.2022
1 мин
1
1098

Ұлытау облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрғын үй қабырғасының кірпішін цементсіз қалап жатқан мердігер компания жазаланды. Баспанаға кезекте тұрғандарға берілетін үш қабатты 17 үйдің құрылысы мемлекеттік сараптамадан қайта өткізіледі.

«Иә, заң бұзушылықтар анықталды. Үш жолақты цементсіз салған. Сол үшін мердігер мекемеге 400 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Хаттама толтырылды. Сондай-ақ, техникалық бақылау органына да 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, оның аттестатын алты айға тоқтаттық», - дейді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қамзин. Белгілі болғанындай, Жаңаарқа ауданындағы үш қабатты үйлерді «АгроПромРемСтрой» компаниясы салып жатыр. Соңғы қабатын көтеріп үлгермеген жоба үшін ол қазынадан 500 млн теңге алып үлгерген. Бұған қоса, сапасыз құрылысқа рұқсат берген техникалық бақылаушы орган қызмет көрсеткені үшін 10 млн теңгеге жуық қаржы алған. Енді бұл мекеме алдағы жарты жыл бойы нысандарды қадағалау қызметімен айналыса алмайды. Ал, аталған 3 қабатты 17 үйдің құрылысы мемлекеттік сараптамадан қайта өткізіледі. Тәртіптік жазаға Жаңаарқа аудандық құрылыс бөлімінің басшысы да тартылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Э
Эля 29.06.2022
Технодзорды совсем лицензиясынан айыру керек еди
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл