Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтеді, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Үш жыл бойы онлайн форматта өткізілген олимпиада биыл оффлайн форматта ұйымдастырылады.