Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Жаңаарқа ауданында індеттен күніне 5 адам көз жұмады» деген жалған жазба жарияланды. Сондай-ақ, облыста мәйітті жерлеу бағасы 150 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.
«Әлеуметтік желіде мәйітті жерлеу құны 500 мың теңге деген ақпарат тарады. Марқұмның неден қайтыс болғанына қарамастан, қызмет бағасы – 150 мың теңге. Жалпы Қарағандыдағы қайтыс болған адамның денесін жерлеу қызметі 500 мың теңге деп тараған жазба жалған», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша өткен айда ауданда 24 өлім саны тіркелген. Десе де олар әр түрлі себептерге байланысты.
Әкім елдегі карантин жағдайына дейін де жерлеу қызметі 150 мың теңге болғанын, ал қызмет көрсетушілер бұл соманы өсіретін болса, әкімдік мәселені бақылауда ұстап, үнемі қадағалайтынын айтты.
«Қайтыс болған адамды облыстың басқа жеріне жеткізу қажет болса, қызметтің ортақ бағасы 200 мың теңгеден аспайды. Біз өзара келісім жасадық. Жерлеу рәсімдеріне қатысты қызметтер көрсетуде алыпсатарлыққа бару адамгершілікке жатпайды», - деп түсіндірді өңір басшысы.
Тағы көру