Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана уақыты бойынша 11 наурыз сағат 01:26 шамасында Жетісу облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы "Сейсмологиялық зерттеу институты" мәлімдеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 298 шақырымда, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер дүмпуі Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер туралы және қираған ғимараттар туралы хабар келіп түспеген.