Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жуырда жаңа ипотекалық бағдарлама халыққа таныстырылады
Жаңалықтар

Жуырда жаңа ипотекалық бағдарлама халыққа таныстырылады

11.10.2022
1 мин
5
1632

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

 

Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден жаңа ипотеканы іске қосу мүмкіндігі туралы сұрады.

 

«Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қамтамасыз етілуіне алаңдаймыз. Алайда біз халықтың негізгі бөлігін, яғни жұмыс істеп, отбасы құрып жатқан тұрғындарды ұмытып жатамыз. Біз оларды қамтамасыз ету үшін қазір отбасының цифрлық портреті арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырып жатырмыз. Санаттар бойынша жіктелмейді», - деді Қ. Өскенбаев.

 

Осы орайда ол әр отбасының жағдайына қарай жеке-жеке көмек көрсету ескерілгенін айтты. Бірақ бұл бастама әлі де пысықталып жатыр. Отбасының цифрлық портреті жасалды. Алдағы уақытта оның мазмұны толықтырылады.

 

Сондай-ақ министр жуырда жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарда бар екенін айтты.

 

«Оны таяу уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заң аясында қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Атап айтқанда, біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз», - деді ведомство басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
5 Пікір
А
Айко 18.10.2022
Маскалар бір әлеуметтік топтарды үймен қамтып қойғандай сөйледіғой. Биыл шығар 3 айлық пенсионный құйғанбарды очередке қойып жатқандары. Былтырға дейін 12 ай пенсионный жүргізе алмай очередке тұралмай қалдыққой.
Жауап беру
А
Айко 18.10.2022
Маскалар бір әлеуметтік топтарды үймен қамтып қойғандай сөйледіғой. Биыл шығар 3 айлық пенсионный құйғанбарды очередке қойып жатқандары. Былтырға дейін 12 ай пенсионный жүргізе алмай очередке тұралмай қалдыққой.
Жауап беру
М
Молдир Тоймурзаева 12.10.2022
Бастапқы салым болмаса екен . Тек ішінде тұрып ақшасын төлеп тұруға болатын болса екен. Сонда ҚР да квартиранттар болмаушы еді.
Жауап беру
М
Молдир Тоймурзаева 12.10.2022
Бастапқы салым болмаса екен . Тек ішінде тұрып ақшасын төлеп тұруға болатын болса екен. Сонда ҚР да квартиранттар болмаушы еді.
Жауап беру
С
Салтанат 11.10.2022
Қолдаймын !жастарға тиімді болса жақсы еді!пропискага карамаса екен!1-2 нарықта қарастырылса екен !
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл