Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өткен жылы «Мемлекеттік аннуитеттік компания «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру үшін заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасып, нәтижесінде 83 122 адам сақтандыруменқамтылған, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жылда өндірісте еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан орта есеппен 1400 жұмысшы жарақат алып, оның 200-ге жуығы қаза табады. Зардап шегушілер - Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында көптеп байқалады.
Мұндай қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі бар: мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы және өмірді сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері.
Былтырғы жылы МАК зардап шеккен 1 069 қызметкерге 855 млн теңге көлемінде ай сайынаннуитеттік төлемдер жүргізген. Одан бөлек, 27 адамға медициналық шығынын өтеу үшін қосымша3,5 млн теңге берген.
2022 жылдың қорытындысымен МАК жеке тұлғалармен 153 зейнетақы аннуитеттік сақтандыру шартын жасасып, 8 108 адамға 1,3 млрд теңге сомасында сақтандыру төлемдерін жүргізген.
Фото: ашық дереккөз