Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда Ресей мен Испания азаматтары қаржылық пирамидаларды ұйымдастырумен айналысқан. Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, үш жылдың ішінде 38 қылмыстық топ анықталды.
"Біздің министрлік қаржы пирамидасын құрған Қазақстан, Ресей және Испания азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеді. 2019 жылдың желтоқсан айында ұзақ мерзімге 8 жылдан 10 жылға дейін сотталды. Бұл топтың келтірген шығыны 9 миллиардтан астам теңгені құрады", - деп хабарлады Заппаров 4 маусымда сенаттың жалпы отырысында.
Соңғы үш жыл ішінде ІІМ мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша 42 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша 975 эпизод тергелді. 2017 жылы - 11, 2018 жылы - 9, 2019 жылы - 10, ал бүгінгі таңда - 12 қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары «Гарант 24 ломбард», «Эстейт ломбард» және «Выгодные займы» басшыларына қатысты қылмыстық істерді тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
"Бұл компаниялардың филиалдары 15 өңірде жұмыс істеді, оған 39 мыңнан астам адам тартылды. Бүгінгі таңда 9393 азамат өтініш білдірді, іс министрлік басшылығының бақылауында", - деді Заппаров.