453.71
505.8
5.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы тұрғындары дәрігер қабылдауын ұзақ күтпеуі үшін жаңа шаралар қолға алынады
Жаңалықтар

Алматы тұрғындары дәрігер қабылдауын ұзақ күтпеуі үшін жаңа шаралар қолға алынады

30.10.2026
0 мин
0
92
Сурет: Ғаламтордан

Алматы қаласында емханалардағы ұзын-сонар кезек пен дәрігер қабылдауына жазылу кезіндегі кедергілерді жою жұмыстары күшейтіледі. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарға электрондық жүйедегі шектеулерді алып тастауды қатаң тапсырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін талқылады.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, салада әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Мәселен, ақпаратта «Кейбір медициналық ұйымдарда бейінді мамандардың қабылдауына өз бетінше жазылуға шектеулер қою және дәрігерлердің жұмыс кестесін қалыптастыру кезінде кемшіліктер жіберу жағдайлары әлі де кездеседі» деп атап өтілді.

Осыған байланысты ведомство медициналық ұйымдардың жұмысын цифрландырып, кестелерді үнемі жаңартып отыруды тапсырды. Енді емхана басшылары медициналық қызметтердің халыққа қолжетімді болуы үшін дербес жауап береді.

Маман тапшылығы қандай?

Отырыста қаладағы кадр мәселесі де назардан тыс қалмады. Биыл денсаулық сақтау саласында белгілі бір маман түрлері жетіспейтіні анықталды. Атап айтқанда:

 «Акушер-гинекологтар» бойынша 469 бос орынға – небәрі 100 түйіндеме түскен;

 «Педиатрлар» бойынша 448 бос орынға – 139 түйіндеме ғана тіркелген;

 «Анестезиолог-реаниматологтар» бойынша 300 бос орынға – 75 үміткер ғана бар.

Бұдан бөлек, онколог, неонатолог және эндокринолог секілді білікті мамандарға деген сұраныс әлі де жоғары күйінде қалып отыр.

Жаңа шаралар қала тұрғындарының дәрігерге кедергісіз, уақтылы жазылуына және кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл