453.71
505.8
5.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елде мұғалімдердің жүктемесі азайтылады: міндетті құжаттар саны 5-ке дейін қысқармақ
Жаңалықтар

Елде мұғалімдердің жүктемесі азайтылады: міндетті құжаттар саны 5-ке дейін қысқармақ

29.10.2026
0 мин
0
154
Сурет: stan.kz

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді артық қағазбастылықтан арылтып, білім беру саласындағы 70-тен астам цифрлық сервисті бірыңғай жүйеге біріктіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елдегі педагогтердің әкімшілік жүктемесін жеңілдету және олардың мәртебесін арттыру бағытында кешенді өзгерістер басталды. Оқу-ағарту министрлігі жүргізген талдау нәтижесінде бұған дейін бекітілген 25 міндетті құжаттың орнына мұғалімдерге тек 5 негізгі құжатты жүргізу міндеттелмек.

Енді мұғалімдердің міндетіне мыналар ғана кіреді:

 Сабақ жоспарын әзірлеу;

 Электрондық журналға оқушылардың үлгерімін енгізу;

 Қосымша білім беру бойынша есепке алу журналы;

 Сынып жетекшілеріне арналған «Адал азамат» бағдарламасының жоспары;

 Сұраныс бойынша берілетін оқушының мінездемесі.

70-тен астам жүйе бір орталыққа бірігеді

Бүгінде орта білім беру жүйесінде электрондық журналдар, бағалау, асхана мен мектепке кіруді бақылайтын 70-тен астам әртүрлі платформа қолданылады. Әр өнірде орта есеппен 10-ға жуық бағдарламаның болуы мұғалімдерді бір ақпаратты бірнеше рет қайталап енгізуге мәжбүр еткен.

Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық білім беру деректер базасы негізінде бірыңғай цифрлық архитектура құрылады. Барлық LMS платформалары мен сервистер осы орталықтандырылған базаға қосылып, деректер алмасу автоматтандырылады.

Жасанды интеллект және педагогтерді қорғау

Сонымен қатар, білім беру сапасын теңестіру мақсатында Ұлттық білім беру жасанды интеллект платформасы әзірленіп жатыр. Бұл жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға және мұғалімнің күнделікті жұмысын жеңілдетуге ықпал етеді.

Министрлік мұғалімдердің құқығын қорғау мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Педагогтерге қысым көрсету немесе олардың ар-намысына нұқсан келтіру жағдайлары бойынша түскен әрбір арыз жеке зерделеніп, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге негіз болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл