Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы 2,5 пайыздық несие алу үшін 21-35 жас аралығындағы азаматтар міндетті түрде кепіл қою керек, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде сөз болды.
БАҚ қызметкерлерінің сұрағына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары аталған несие алу үшін міндетті түрде кепілге мүлік қою керектігін айтты.
Олардың сөзінше, кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылуы тиіс.
«Жастарға микрокредит беру жаңа құрал болмақ. Кредиттер 21-ден 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға беріледі. Бұл ретте пайызды мөлшерлеме 2,5 пайыз болады. Мерзімі – 5 жылға дейін. Ал мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокедит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ береді», - деді вице-министр Олжас Ордабаев.
Фото: atameken.kz
Тағы көру