Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2 қаңтарда Скандинавия түбегінен келген циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде қар жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, елдің оңтүстік шығысында, шығысында, оңтүстігінде және батысында қар аралас жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с-ке дейін жетуі мүмкін, кей уақытта одан да артуы ықтимал.
Астанада бұлтты ауа райы күтілуде, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -5-7°C аралығында, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең желдің күші 25 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Алматыда ауа райы ала бұлтты болады, қар жауады. Күндіз ауа температурасы +1+3°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.
Шымкентте күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +3+5°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с күтілуде.