Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ІІМ 2023 жылы бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірудің 2 мыңнан астам фактісі тіркелгенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, өткен жылдың 1 шілдесінен бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтар саласында өтініш беруден тіркеудің анықтаушы сипатына көшкен.
«Жаңа заңнама шеңберінде тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мың өтініш қаралды. 64% материалдар бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есеге артты. Осылайша, кез - келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік атмосферасын құра отырып, біз қоғамды аса ауыр қылмыстардан сақтаймыз», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.